Астанада Орта Азиялық Триатлон Ассоциациясы құрылды

3 March 2019

Бүгін Астанада триатлон спорты үшін тарихи оқиға орын алды. Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстан ұлттық триатлон федерациялары бірлесіп Орта Азиялық Триатлон Ассоциациясын (Central Asian Triathlon Association – CATA) құрды.

Nazarbayev University қабырғасында САТА-ның алғаш отырысы өтіп, қатысушылар САТА Конституциясын қабылдады, ынтымақтастық және өзара келісім туралы меморандумға қол қойды және Атқарушы комитет мүшелерін сайлады. Отырыс нәтижесінде қатысушылар Орталық Азия елдерінің территориясында триатлонды дамыту және насихаттау – САТА-ның басты мақсаты болады деген келісімге келді. Сонымен бірге Азия Триатлон Конфедерациясында (ASTC) бірауыздан ортақ бағдарды ұстану - Орталық Азия спортшыларына ғана емес, бапкерлер мен техникалық делегаттарға да ешбір бөгетсіз тәжірибе алмасуға жол ашады. Сонымен қатар, САТА мүшелері Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) және Халықаралық Триатлон Одағы (ITU) тыйым салған препараттарды пайдаланумен табанды түрде күресуге ортақ күш салатын болды.

САТА басшысы ретінде Almaty Triathlon Federation басшысы әрі ҚТФ Вице-президенті – Ғалымжан Есенов бірауыздан сайланды. Өзінің сайлау алды сөзінде Ғалымжан Есенов САТА-ның өнімді жұмыс жасауына барлық күшін салып жұмыс атқаруға дайын екендігін айтты.

Отырыс Қазақстандық Триатлон Федерациясының президенті Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен және Өзбекстан триатлон федерациясының Бас хатшысы Леонид Блохин, Қырғыз Республикасы триатлон федерациясының Президенті және Бас хатшысы Чынгыз Алканов пен Елена Лыжина-Полчинковалардың қатысуымен өтті. Сонымен қатар, отырыс жұмысына ҚТФ Вице-президенті Айдын Рахымбаев, ҚТФ Бас хатышысы Максим Крят, ҚТФ Атқарушы директоры Асылжан Достияров пен ATF қамқоршылық кеңесінің мүшесі Валихан Тен қатысты.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi