Алматыда «TEMIRADAM» Кубогі аясында триатлоннан халықаралық сайыстар өткізілді

4 August 2019

3-4 тамызда алматылық Сайран көлінде «TEMIRADAM» Кубогінің VIII кезеңі өткізілді. Бұл сайыстар Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен Қазақстанның түрлі аймақтарында ұйымдастырылып, ақтық сайыс күзде Ақтауда өтпек. Кубокке әлемдік IRONMAN чемпионатндағыдай 18 бен 60+ жас аралығындағы әуесқой триатлеттер қатысады.

Алматыдағы жарысқа Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Өзбекстан және Оңтүстік Кореядан шыққан 182 спортшы мен 10 эстафеталық команда келді. Спортшылар «олимпиадалық» дистанцияда (1500 м жүзу, 40 км жүгіру, 10 км жүгіру) сайысты.

Сайран триатлеттерді еліміздің оңтүстігінде жиі болатындай ыстық қапырық ауа-райымен қарсы алды. Әйтсе де сайыс үлкен жылдамдықпен өтті. Барлық кезеңдерде ерлер арасында көштің басын тәжірибелі триатлет әрі бапкер, бірнеше дүркін Ironman атанған Павел Артюшенко (Алматы) басқарып келді. Оның артынан Максим Мазур, Максим Мжельский мен Арсений Елисеев жүріп отырды. Алайда, Артюшенко жылдамдығын арттыра келіп, алдына жан салмай мәреге бірінші жетті. Оның уақыты – 2 сағат 09 минут және 55 секундты құрады. Өзінің жас тобында ғана емес ерлер арасында абсолюттік есепте жеңімпаз атанды.

Әйелдер арасындағы сайыста тәжірибе жеңіске жетті. Сайысты бірінші болып атақты алматылық спортшы Екатерина Шатная аяқтады. 2004 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, «гаухар әйел» (Гавай аралдарындағы IRONMAN чемпионатын өткен әйелдерді жиі осылай атайды) өз қарсыластарының жанына жолатпады. Екатеринаның нәтижесі – 2 сағат 27 минут 08 секунд.

Эстафеталық командалар арасында 2 сағат 08 минут 02 секунд нәтижесімен алматылық AlmatyBroTeam командасы үздік атанды.

Өзге жас топтарында келесі спортшылар жеңімпаз атанды:

Ерлер
M18-24 Диас Кунтуаров ( Нұр-Сұлтан): 02:34:35;
M25-29 Максим Мжельский (Алматы): 02:17:45;
M30-34 Арсений Елисеев (Мәскеу, Ресей): 02:09:55;
M35-39 Михаил Кувшинников (Алматы): 02:15:50;
M45-49 Владислав Копбосунов (Алматы): 02:31:45;
M50-54 Талгат Жумагалиев(Алматы): 02:38:41;
M55-59 Дандыбай Алимбаев (Шымкент): 02:57:51.

Әйелдер
F25-29 Алена Уварова (Коркино, Ресей): 02:47:05;
F30-34 Анастасия Чёрная (Запорожье, Украина): 02:40:12;
F35-39 Дина Шаймерденова (Алматы): 02:37:43;
F45-49 Kim Kyungsook (Оңтүстік Корея): 03:01:58;
F55-59 Алия Айтказина ​(Алматы): 03:36:20.

Барлық спортшылардың нәтижелерімен www.triathlon.org.kz сайтында танысуға болады.

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi