Орал қаласы алғаш рет триатлоннан республикалық сайыстарды қабылдады

10 August 2019

Бүгін Орал қаласы алғаш рет триатлоннан республикалық сайыстарды қабылдады. Орталық мәдениет және демалыс саябағында триатлоннан ҚР Кубогі ІІІ кезеңі мен Чемпионаты өтті. ҚР Кубогі үшінші кезеңінің аясында Elite санатындағы спортшылар «супер-спринт» (300 м жүзу, 8 км веложарыс, 2 км жүгіру) қашықтығында сайысты. Ал чемпионат бірден екі қашықтықта, «супер-спринт» және «спринт» (750 м жүзу, 20 км веложарыс және 5 км жүгіру) қашықтықтарында U17, U19 және U23 санатындағы спортшылар арасында өтті. Додада Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және Түркістан, Қостанай және Жамбыл облыстарынан келген жалпы саны 22 кәсіби спортшы қатысты.

Орал дода қатысушыларын ыстық ауа-райымен қарсы алды: ауа температурасы +33°С болса, Шаған өзеніндегі су +20°С бағамын ұстап тұрды. Гидрокостюм киюге тыйым салынды.

«Супер-спринт» қашықтығында сайысатын спортшылар Шағанның жылы суын алғашқы болып сынап көрді. Жанкүйерлер үшін айтарлықтай тосынсый болмады. Олар күткендей, сайыс фавориттері өздерінің шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, құрмет төріне лайық нәтижемен мәреге жетті.

Қазақстан Республикасының Чемпионаты

 

U17 санаты, ерлер

«Спринт» қашықтығы

  1. Александр Тен (Алматы) – 1 сағат 03 минуты 32 секунд
  2. Елдар Шекербек (Алматы) – 1 сағат 06 минут
  3. Артем Франк (Қостанай обл.) – 1 сағат 12 минут 47 секунд

 

U19 санаты, ерлер

«Супер-спринт ITT» қашықтығы

  1. Алихан Абусеит (Шымкент) – 25 минут 38 секунд
  2. Ерасыл Аманжолов (Түркістан обл.) – 26 минут
  3. Роман Санаров (Алматы) – 27 минут 04 секунд

 

U23 санаты, ерлер

«Супер-спринт ITT» қашықтығы

  1. Дарын Қонысбаев (Нұр-Сұлтан) – 24 минут 07 секунд
  2. Виталий Дидяев (Жамбыл обл.) – 30 минут 18 секунд

 

Қазақстан Республикасы Кубогінің ІІІ кезеңі

 

Elite санаты, әйелдер

«Супер-спринт ITT» қашықтығы

  1. Арина Шульгина (Нұр-Сұлтан) – 28 минут
  2. Юлия Озерова (Алматы) – 29 минут 24 секунд
  3. Әйгерім Нұрғали (Алматы) – 31 минут 11 секунд

 

Elite санаты, ерлер

«Супер-спринт ITT» қашықтығы

  1. Семен Пивоваров (Шымкент) – 23 минут 57 секунд
  2. Даниил Зубцов (Шымкент) – 24 минут 50 секунд
  3. Ануар Турубаев (Алматы) – 24 минут 51 секунд


 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi