Шымкент әлемдік триатлон жұлдыздарын қарсы алады!!!

21 May 2019

23 мамырда сағат 12.00 "Kainar Hotel" (Бәйдібек би к-сі, 126) қонақүйінде триатлоннан өтетін «Shymkent ASTC Triathlon Asian Cup» Азия кубогіне арналған баспасөз конференциясы болады. Баспасөз конференциясында әлемдік деңгейдегі кәсіби спортшылар мен ұйымдастыру комитетінің мүшелері қатысады.

Еске сала кетейік, 25-26 мамырда Шымкентте «Shymkent ASTC Triathlon Asian Cup» атты триатлоннан Азия кубогі өткізіледі. Әлемнің мықты спортшылары шырайлы Шымкентке келіп, 65 ер және 65 әйел кәсіби спортшылар әлемдік рейтингтегі ұпайлар үшін «стандартты» қашықтықта (1500 м – жүзу, 40 км – веложарыс, 10 км – жүгіру) бақ сынасатын болады. 26 мамырда Қазақстанда триатлонды дамыту және насихаттау мақсатында Age Group (әуесқой) санатындағы спортшылар арасында сайыс ұйымдастырылмақ.

Аккредитация және қосымша ақпарат үшін хабарласыңыз

shymkent-asiancup@triathlon.org.kz

+77058075050


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi