Халықаралық жарыс нәтижелері – Вейхай және Алания

27 September 2018

Каспий жағалауында “TEMIRADAM” Кубогінің ақтық сайысы өтіп жатқан уақытта, біздің басқа спортшыларымыз халықаралық жарыстарда Қазақстан нымысын қорғауда болды.

22 қыркүйекте қытайдың Вейхай қаласында «стандарт» қашықтығында триатлоннан Әлем Кубогі өтті. Мұнда Қазақстан атынан жарысқан Шымкент қаласының тумасы Семен Пивоваров 44-ші болып мәре сызығын кесті. Әйелдер арасында сайысқан астаналық Арина Шульгина болса бұл қашықтықты бағындыра алмады.

Осы күндері түріктің Аланиясында Еуропа Кубогі аясында екі күндік триатлоннан жарыс өтті. Мұнда Қазақстан атынан Ақмола облысының тумалары – Аян Бейсенбаев, Темірлан Теміров, Мейірлан Ысқақов, және де жасөсіпірімдер санатында Дэнис Туницкий, Ашраф Камалова мен Наталья Короткова сынға түсті.

Жарыстың бірінші күні жасөспірімдер «спринт» қашықтығында додаға түсті. Бұл санатта сөреге шыққан Дэнис Туницкий айтуға тұрарлықтай нәтиже көрсетті – 01 сағат 47 секундпен хаттамадағы 9-шы орынға орналасты.

Осы санатта қыздар арасында сынға түскен Ашраф Камалова 4-ші орынды иеленді. Тағы бір қазақстандық қызымыз Наталья Короткова 12-ші болып мәреге жетті.

Екінші жарыс күні Elite санатындағы спортшылар «стандартты» қашықтықта сайысқа түсті. Бұл жерде Палембангта өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері Аян Бейсенбаев 16-шы нәтиже – 01 сағат 52 минут және 59 секунд көрсетті. Өзге қазақстандықтар – Темірлан Теміров 20-шы болып мәреге жетсе, Мейірлан Ысқақов алуға мүмкін болған 57 орынның 35-шісін иеленді.

 

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi