Елордада триатлоннан өткен Әлем кубогінің жеңімпаздары анықталды

16 June 2019

15 маусымда астаналық Триатлон паркінде осы маусымдағы басты доданың бірі – «Nur-Sultan ITU Triathlon World Cup» атты Әлем кубогінің кезеңі өтті. Әлемнің 33 елінен келген 91 кәсіби спортшы осындай мәртебелі доданың жеңімпазы атану үшін сынға түсті.

Әйелдер арасында Жапония намысын қорғаған Аи Уеда керемет сайыс көрсетіп, алтыннан алқа тағынды. Өзен суының сараптамасына қатысты сұрақтар туындауына орай, бас техникалық делегат сайыс форматын триатлоннан дуатлонға (5 км жүгіру, 40 км велокезең, 10 км жүгіру) өзгерткенімен, Аи Уеда әлемнің ең тәжірибелі триатлеттерінің бірі екендігін дәлелдей білді. Ол көрсеткен уақыт – 1 сағат 56 минут 38 секунд.  Сағат 56 минут 55 секунд нәтижесі үшін ирландиялық Кэролин Хайес күміске лайық деп танылды. Үздік үштікті британдық Кейт Во 1 сағат 57 минут 28 секунд нәтижесімен тұйықтады.

«Соңғы 10 шақырымға мен бар күшімді салдым», - деп қуанышымен бөлісті Аи Уеда «Жуырда болатын Азия чемпионатын асыға күтіп жүрмін және Абу-Дабиде алған жарақатымнан кейін өз қарқыныма ептеп кіріп келемін. Құрмет төріне қайта оралу қуантып қана қоймай, Әлемдік сериадағы алғашқы жарысқа түсуіме көп күш береді»

Ерлер арасында сынға түскен спортшылар арасында мықты бәсеке болды. Себебі, Халықаралық Триатлон Одағы рейтингінің үздіктері жарыс алаңына шыққан болатын. Дегенмен, үздік нәтижені Әлем кубогінің Ченгдуда өткен кезеңін жеңіп алған аустралиялық Мэтью Хаузер көрсете білді. Ол 1 сағат 43 минут 51 секундта мәреге жетті. Жеңімпазға 13 секундқа жеңілген ОАР тумасы Виан Сулуолд екінші орыннан көрінді. Вианға 4 секунд жеңілген АҚШ өкілі  Мэтью Макэлрой қола жүлдеге ие болды.

«Осы додада өз күшімді шындап көрсеткім келді және ақырғы кезеңде жоғары жылдамдықты ұстап отыруға күшім жеткеніне қуаныштымын», - деді Хаузер, - «Аралас эстафетадан өткен сайыстарда мен өзіме қажетті тәжірибе мен сенімділік алдым әрі бүгін өзіме бірнеше маңызды нәрселерді дәлелдегім келді. Мәреге аз қалғанда қарысласымнан озып түсе алғаныма қуаныштымын. Жарыс жалпы ойымнан шықты».

 Осы сайыстарда Қазақстан атынан сынға түскен Семен Пивоваров 43-і болып мәреге жетсе, әйелдер арасында Ғазиза Кумакбаева жарысты тәмамдай алмады. Ал Арина Шульгина жалпы есепте 11-ші нәтиже көрсетті.

Сайыстың толық нәтижелерімен www.triathlon.org сайтынан таныса аласыздар.

Фото: www.triathlon.org.kz


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi