Нұр-Сұлтан әлемдік триатлон жұлдыздарын қабылдайды!!!

7 June 2019

Пресс-анонс

Нұр-Сұлтан әлемдік триатлон жұлдыздарын қабылдайды!!!

Нұр-Сұлтан – 13 маусымда сағат 14.00 “IBIS Hotel” қонақүйінде (Тәуелсіздік д-лы, 38) 2019 Nur-Sultan ITU Triathlon World Cup атты триатлоннан Әлем кубогінің кезеңіне арналған ресми баспасөз конференциясы өтеді. Пресс-конференцияға әлемдік рейтингтегі үздік спортшылар қатысады: Ай Уеда (Жапония) - 26 орын, Тамсин Моана-Вейл (Аустралия) - 45 орын,  Брэндон Коуплэнд (Аустралия) - 35 место, Дмитрий Полянский (Ресей) - 42 орын, Лукас Холлаус (Аустрия) - 55 орын.

Еске сала кетейік, 15-16 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының жүрегінде «2019 Nur-Sultan ITU Triathlon World Cup» додасы өткізіледі. Әлемнің 37 елінен келген мықты спортшылар астанамыздың қонағы болып, 65 ер және 65 әйел спортшы әлемдік рейтингтегі ұпайларды ойнатып, «стандартт» қашықтықтағы (1500 м – жүзу, 40 км – веложарыс, 10 км – жүгіру) мықтыны анықтайтын болады. 16 маусымда Қазақстанда триатлонды дамыту мен насихаттау мақсатында Age Group (әуесқойлар) арасында жарыс өтеді.

_________________________________________________________________________________

Аккредитация және т.б. сұрақтар бойынша хабарласыңыз:

wcastana@triathlon.org.kz

+7 705 807 50 50


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi