ҰОК бас бапкердің жылдық есебін тыңдады

15 November 2019

ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің штаб-пәтерінде триатлоннан бас бапкердің өткен маусым нәтижелері бойынша жылдық есебі тыңдалды. Кездесуге ҰОК бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков пен ҚР Мәдениет және спорт министрілігі Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комтеті төрағасының орынбасары Серік ЖАрасбаев қатысты.

Есеп беру кезінде Андрей Глущенко комиссия мүшелеріне атқарылған жұмыс бойынша жылдық есеп беріп, ұлттық құрама команда мүшелерінің көрсеткен нәтижелерін және де Олимпиада ойындарына дайындықты жақсартатын бірнеше мәселелерді атап өтті. А. Глущенко Токиода өтетін ойындарға квалифиакицялық лицензия алу үшін атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтумен қатар, 2020 жылға арналған триатлонды дамыту жоспарлары мен бөлінетін қаржыны дұрыстап пайдалану туралы ойларымен бөлісті. Сонымен бірге бас бапкер ҚТФ келе жатқан маусымдағы сайыстар күнтізбесімен бөлісті.

Айта кетейік, спорт түрлерінің бас бапкерлері дәстүрлі түрде әр жылдың аяғында жылдық есеп береді. Қабылданған есептер негізінде ҰОҚ спортшылардың дайындығынан бастап қаржыландыруға дейінгі сұрақтарды қамтитын маңызды шешімдер қабылдайды. Осы есептің нәтижелері желтоқсанның бірінші жартысында жарияланады деп күтілуде.