Қазақстандық Триатлон Федерациясы Азия құрлығындағы өз қызметін жандандыра түсті

19 June 2019

Бүгін Кенджу (Оңтүстік Корея) қаласында Азия Триатлон Конфедерациясының (ASTC) құрамына кіретін 35 ұлттық триатлон федерацияларының қатысуымен жыл сайынғы ASTC Конгерсі өтті. Конгресс кезінде ASTC 2018 жылға атқар жұмыстары қорытындыланды. Сонымен қатар, халықаралық органның Атқарушы кеңесі мен өзге комитеттеріне сайлау өтті. Әрбір ұлттық федерация өз үміткерлерін сайлауға шығарды.

Сайлау нәтижесінде Орта Азиялық Триатлон Ассоциациясының (САТА) басшысы, Қазақстандық Триатлон Федерациясының вице-президенті, Almaty Triathlon Federation басшысы Ғалымжан Есенов ASTC Атқарушы кеңесіне дауыс құқығымен сайланды. Осылайша, Ғалымжан Есенов қазақстандық триатлон мүдделерін қорғап қана қоймай, ASTC қызметіне қатысты маңызды сұрақтарды шешуде тікелей үлесін тигізіп отыратын болады.

Сонымен қатар, ҚТФ бас хатшысы Максим Крят ASTC Бапкерлер комитетіне (Coaching Committee), ҚТФ жауапты хатшысы Айнагүл Такеева ASTC Аудит комитетіне (Audit Committee), ҚТФ маркетинг бойынша директоры Ақмарал Еспенбетова Өсу комитетіне (Promotion Committee), ал ҚТФ SMM менеджері Айдана Кребаева Ақпарат комитетіне (Information Committee) мүше болып сайланды.

Бұдан былай Қазақстандық Триатлон Федерациясы тек ел аумағында ғана емес, бүкіл Азия құрлығында өз жұмысын дамыта түседі деп сенімді айта аламыз.

Айта кетейік, триатлоннын ұлттық ұүрама команда мүшелері Оңтүстік Корей триатлон федерациясының шақыруымен Кенджуда оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар осы демалыстарда олимпиадалық квалификация аясындағы маңызды ұпайлар ойнатылатын «Gyeongju ASTC Triathlon Asian Championships» атты Азия чемпионатында бақ сынайтын болады.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi