Елордада “TEMIRADAM” Кубогінің IV кезеңі өтті

16 June 2019

Бүгін астаналық Триатлон паркте нағыз спорт мерекесі өткізілді. Күні бұрын өткен триатлоннан Әлем кубогі аясында әуесқойспортшылар үшін  “TEMIRADAM” Кубогінің IV кезеңі, «TEMIR BALA» балалар сайысы мен «TEMIRADAM» Challenge» жүзу додасы ұйымдастырылды. Жалпы алғанда Триатлон паркте сайыстарында триатлон, жүзу және балалар сайыстарының қатысушыларын қоса алғанда 400- ден аса спортшылардың басы қосылды. Әдеттегідей астана ауа райы осындай керемет жарыстың өтуіне қолайлы болды – ауа температурасы +17С көрсетіп тұрды.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарынан, сонымен қатар, Украина, Ресей, Испания және Ұлыбританиядан келген 230 триатлет «стандартты» қашықтықта (1500 м жүзу, 40 км веложарыс, 10 км жүгіру) бақ сынасты.

Жеке абсолюттік есепте 2 сағат 9 минут 40 секунд нәтиже көрсеткен бұрынғы кәсіби спортшы Дмитрий Либер (Омбы) бірінші атанды. Ал әйелдер арасындағы абсолютті жеке есепте 2 сағат 37 минут 4 секунд уақытымен алматылық Салтанат Қазыбаева үздік атанды. Эстафеталық командалар арасында алматылық «Fidelity Triathlon Team» командасы озып шықты (2 сағат 10 минут 25 секунд).

«TEMIRADAM» Challenge» жүзу жарысының 35 қатысушысы 750 м және 1500 м қашықтықты бағындырса, «TEMIR BALA» балалар сайысында 7-15 жасар аралығындағы 150 жас спортшы жүгіруден мықтыны анықтады.

Қазақстандық Триатлон Федерациясының Президенті Кәрім Мәсімов пен Вице-президенті Айдын Рахымбаев барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыстады.

Сайыстың толық нәтижелері www.triathlon.org.kz сайтында.

 

 

 


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi