Орта Азиялық триатлон дамуын жалғастыруда

5 October 2019

Бүгін Өзбекстан астанасында құрамына Иран, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Афганистан және Қазақстан секілді бес елдің ұлттық триатлон федерациялары кіретін Орта Азиялық Триатлон Ассоциациясы (Central Asian Triathlon Association - САТА) Атқарушы Комитетінің Екінші отырысы болды.

САТА президенті Ғалымжан Есеновтың басшылығымен өткен жиынға САТА-ның өзге де мүшелері қатысты. Олардың арасында САТА вице-президенті Чынгыз Алканов, САТА вице-президенті Фаррух Насыров, САТА бас хатшысы Максим Крят және САТА жауапты хатшысы Айнагүл Такеева болды. Өзбекстан Триатлон Федерациясының президенті Отабек Умаров жиынның құрметті қонағы болды.

Күн тәртібінде САТА ресми сайтын бекіту, САТА Екінші конгресі кезінде бекітілген комитет басшыларын сайлау, сонымен қатар, САТА басшылығымен бірінші ресми сайыстар өткізу, САТА рейтингтік жүйесі, ассоциация құрамына жаңа мүшелер қабылдау, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу секілді маңызды сұрақтар тұрды.

Отырыс нәтижесінде ассоциацияның ендігі жұмыс бағытын анықтайтын бірнеше маңызды шешімдер қабылданды. Мәселен, САТА Медиа комитетінің басшысы болып Almaty Triathlon Federation қамқоршылық кеңесінің мүшесі Уәлихан Тен (Казахстан) сайланды. Құқық комитетінің басшысы болып Жасур Таджиев (Узбекистан) сайланды. Спорттық комитет басшылығы Қанат Келсінбековке берілсе, Паратриатлон комитетін басқару Қырғыз Республикасы Триатлон Федерациясының бас хатшысы Елена Лыжина-Полченкованың қолына сеніп тапсырылды.

Шымкент-Ташкент бірінші халықаралық сайыс 2020 жылдың 3 мамырына жоспарланды. Сонымен қатар, делегаттар триатлон бойынша алғашқы Орта Азия Чемпионатын Азия Кубогі кезеңдерінен бөлек өткізіледі деген шешім қабылданды. Қырғыз әріптестеріміз САТА бастамасымен болатын бірінші паратриатлон жарысын ұйымдастырып өткізетін болды. Қазақстандық спортшылар үшін ең қызықты шешім деп, елімізде әуесқойлар арасында өткізілетін «ТEMIRADAM» Кубогі ұлттық турнирінің кезеңдері халықаралық деңгейде Өзбекстан мен Қырғызстанда болатындығын айтуға болады.

САТА Атқару комитетінің Екінші отырысы осындай қуанышты жаңалықтарымен есте қалды. Әріптестеріміз отырыста алынған тапсырмаларды орындауға қызу кірісіп үлгерді, ал қазақстандық әуесқой спортшылар триатлонның жаңа маусымын асыға күтуде.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi