"TEMIRADAM" Кубогінің V кезеңі қатысушылары брифингі

19 June 2019

Ақтөбеде триатлоннан «спринт» қашықтығында өтетін «TEMIRADAM» Кубогі V кезеңінің қатысушыларына!

Брифинг 22 маусымда сағат 18.00-де болады.

Мекен-жайы: Ақтөбе қ., Әбілхайыр хан д-лы, 90Б, «Өнер орталығы»

Еске сала кетейік, әрбір спортшы брифингке қатысуға міндетті. Брифингке қатыспаған немесе 5 минуттан аса уақытқа кешіккен спортшыларға сөрелік қалталар берілмейді және жарысқа жіберілмейді. Брифингке 5 минутқа дейін кешіккен жағдайда 15 секунд айыппұл салыналды.

Брифингке және ресми іс-шараларға алдын-ала тіркелген спортшылар ғана қатыса алады.

Сөрелік нөміріңізді алу үшін жеке куәлігіңіздің түпнұсқасын немесе ҚТФ лицензиясын көрсетуіңіз керек.

Сөрелік қалталар бөгде кісілерге берілмейді.

Сонымен қатар, осы сайыста дрфтингке жәнне де шосселік велосипедтер мен маунтинбайктерді пайдалануға рұқсат етілгенін хабарлаймыз. ТТ велосипедтерін пайдалану және аэробарлар орнатуға тыйым салынады. Жалпы қашықтықты бағындурыға 2 сағат уақыт беріледі.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi