Әлем Кубогі-"TEMIRADAM" Кубогінің IV кезеңі қатысушылары брифингі

8 June 2019

НҰР-СҰЛТАНДА «СТАНДАРТ» ҚАШЫҚТЫҒЫНДА ТРИАТЛОННАН ӨТЕТІН ӘЛЕМ КУБОГІ-“TEMIRADAM” КУБОГІНІҢ IV КЕЗЕҢІНІҢ AGE GROUP САНАТЫНДАҒЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Брифинг сенбі күні 15 маусымда сағат 19.00-де мына мекен-жай бойынша болады: Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік д-лы, «IBIS Hotel» қонқүйі, «Европа» залы, 2-қабат.

Еске сала кетейік, әрбір спортшы брифингке қатысуға міндетті. Брифингке қатыспаған немесе 5 минуттан аса уақытқа кешіккен спортшыларға сөрелік қалталар берілмейді және жарысқа жіберілмейді. Брифингке 5 минутқа дейін кешіккен жағдайда 15 секунд айыппұл салыналды.

Брифингке және ресми іс-шараларға алдын-ала тіркелген спортшылар ғана қатыса алады.

Сөрелік нөміріңізді алу үшін жеке куәлігіңіздің түпнұсқасын немесе ҚТФ лицензиясын көрсетуіңіз керек.

Сөрелік қалталар бөгде кісілерге берілмейді.

Сонымен қатар, бұл сайыста драфтинге тыйым салынғанын ескертеміз. Маунтинбайктер, шосселік және ТТ велосипедтерді пайдалануға рұқсат етіледі. Тежегіш тұтқалардан асып шығып тұратын аэробарларды орнатуға рұқсат.

 

 


Сайыстар күнтізбесі