Шымкенттегі Азия Кубогі қатысушыларына арналған брифинг

21 May 2019

Триатлоннан Shymkent Asian Cup  құрлықтық Азия Кубогінің Age Group санатындағы қатысушыларына арналған жарыс алды брифинг 25 мамыр күні сағат 18.00-де болады. Мекен жайы: Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, 126/1, «Kainar» Бизнес орталығы, конференц зал, 1-қабат.

Әрбір спортшы брифингке қатысуға міндетті! Брифингке қатыспаған спортшыларға сөрелік нөмірлер берілмейді және жарысқа жіберілмейді. Сөрелік нөміріңізді алу үшін қолыңызда жеке куәлігіңіз болуы тиіс.

Сонымен қатар, осы сайыста драфтингке тыйым салынғанын хабарлаймыз. Маунтинбайктер, шосселік және ТТ велосипедтерді пайдалануға рұқсат етіледі. Тежегіш тұтқалардан асып шығып тұратын аэробарларды орнатуға рұқсат.

Сайысқа тіркелу www.triathlon.org.kz бүгін 23.00-ке дейін ашық.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi