«TEMIRADAM» Кубогі ІІ кезеңінің қатысушыларына брифинг

6 May 2019

Таразда «спринт» қашықтығында өтетін «TEMIRADAM» Кубогінің ІІ кезеңінің Age Group санатындағы қатысушыларының назарына!

Жарыс алды брифинг сенбі, 11 мамырда сағат 18.00-де мына мекен-жай бойынша болады: Тараз қ., Төле би к-сі, 107, Облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп-интернатының Акт залы.

Естеріңізге саламыз, әрбір спортшы брифингке қатысуға міндетті. Брифингке келмеген спортшы, сөрелік қалтасын ала алмайды және жарысқа жіберілмейді. Сөрелік қалтаңызды алу үшін жеке куәлігіңізді көрсетуіңіз қажет.

Сонымен қатар, аталмыш жарыста драфтингке рұқсат етілгендігін назарға алуыңызды сұраймыз. Шосселік велосипедтер мен маунтинбайктерді пайдалануға рұқсат етіледі. Ал тайтриалды велосипедтер қолдануға, аэробарлар орнатуға тыйым салынады.

Сайысқа тіркелу www.triathlon.org.kz сайтында 7 мамыр сағат 23.00-ге дейін ашық.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi