BI Group Ironman 70.3 Astana: дода қорытындылары

14 July 2019

14 шілдеде Нұр-Сұлтанда BI Group Ironman 70.3 Astana «жартылай темір» дистанциясында триатлон бойынша дода өз мәресіне жетті. Әлемнің 50 елінен 1400 триатлет, оның ішінде 20 PRO (кәсіби) санатындағы спортщы додаға қатысты. «Темір адамдарға» арналған сайыстың атақты қатысушыларының ішінде: Қазақстандық Триатлон Федерациясының президенті Кәрім Мәсімов, Олимпиада чемпионы, Astana Pro Team бас менеджері Александр Винокуров, «Алматы Марафон» ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева, сонымен қатар Удмурт Республикасының Басшысы Александр Бречалов және т.б. болды.

Қазақстандық және әлемдік спорт өкілдерінен басқа, әйелдер мен ерлер арасындағы әуесқойлар да өз күшін сынады. Олардың арасында 18 жастағы қазақстандық Санжар Базильжанов және 78 жастағы жапондық Soda Shigao (Сода Шигао) ең жас және ең егде қтысушы болып танылды.

Мәре сызығына жеткен алғашқы PRO санатындағы қатысушы ерлер арасында Германиялық Нилс Фромхолд (Nils Frommhold – 3 сағ. 46 мин. 08 сек.), ал әйелдер арасында Чехиядан Радка Кэфилд (Radka Kahlefeldt – 4 сағ. 07 мин. 43 сек.).

Қазақстан өкілдерінің ерлері арасында олимпиада чемпионы, "Astana" командасының бас менеджері Александр Винокуров, ал әйелдер арасында Афинадағы Олимпиада ойындарының қатысушысы, Колумбияда өткен Панамерикалық триатлон кубогінің жеңімпазы Екатерина Шатная (4 сағ. 59 мин. 41 сек.) мәреге жеткен.

Ерлер эстафеталық командалар есебінде Running Pavlodar үздік болып танылса, әйелдер командаларында Girl Up, жалпы командалық есепте Kcell-1 командасы, ал отбасылық есепте Kozhakhmet отбасы, аралас есепте Avantel Fire командалары жеңіске жетті.

Бүгінгі кеште Жаңа Зеландияда өтетін IRONMAN 70.3 әлем чемпионатына жолдамалар ұтысы көпшіліктің назарында болып, қызығушылық тудырып отыр. Ұйымдастырушылар осы спорт мерекесін өткізуге ат салысқан барлық адамдарға алғыс білдіреді. 2020 жылы кездескенше!

 

 

Жарыстың бас серіктесі: BI Group компаниясы

Жарыстың ресми серіктестері: Транстелеком компаниясы, «Қазақстандық триатлон федерациясы» ҚБ, Allur Group, TYR Kazakhstan, QVolunteers, International SOS, SiS спорттық өнімдерімен «Спорт әлемі» ЖШС, «A’SU» сауда маркасымен «RG Brands» ЖШС, «Life Style Management» ЖШС.

Бас ақпараттық серіктес: QAZSPORT телеарнасы.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi