Ашраф Камалова Африка кубогінде алтын алды

1 April 2019

Өткен демалыстарда Шарм-эль-Шейх (Египет) қаласында әлемнің 7 елінен келген 40 спортшы додаға түскен триатлоннан Африка кубогі өтті.

Қазақстанның атынан юниорлар санатында үш спортшы додаға түсті. «Спринтерлік» қашықтықты 1 сағат 25 минут 32 секундта бағындырған ұлттық жастар құрамасының мүшесі Ашраф Камалова қыздар арасында үздік атанып, бірінші орынды иеленді. Осы санатта өнер көрсеткен Надежда Бекмаганбетова төртінші нәтиже көрсетті – 1 сағат 29 минут 59 секунд.

Ерлер арасында сынға түскен Дэнис Туницкий 1 сағат 17 минут 6 секунд уақыт көрсетіп, төртінші орыннан көрінді.

Спортшыларымызды құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз!

Фотосурет Соловьев Ю.В. архивінен алынған.


Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi