Бүгін, 27 шілдеде, Токиода триатлоннан Олимпиада додасының екінші медальдар жинағы ойнатылды. Сайысқа әлемнің отыз елінен келген Elite санатындағы 54 әйел спортшы қатысты. Сайыс тайфун салдарынан он бес минутқа кеш басталды. Бірнеше сағат бұрын құйып өткен жаңбыр, аптап ыстық пен ылғал ауа райы маусымның басты додасындағы...

27.07.2021

Бүгін Токиодағы Обайда шығанағында норвегиялық Кристиан Блюмменфельд төртжылдықтың айтулы додасының соңғы кезегінде нағыз ерлік танытып, ерлер арасында триатлоннан олимпиада чемпионы атанды. Қалған жүлделі орындарды британдық Алекс Йи мен жаңа зеландтық Хейден Уайлд жеңіп алды. Сайыста әлемнің жиырма сегіз елінен келген 51 спортшы сынға түсті. 1500...

26.07.2021

Өкінішке орай соңғы уақыттары елімізде жалған ПЦР тестілеу нәтижелері мен вакцинация паспорттарын көрсету жайттары жиілеп кетті. Мұндай жағдайлар біздің сайыстарымыздан да тыс қалмады: соңғы жарыстарда қайталап тестілеуден өтуді талап етуге мәжбүр болдық. Себебі кейбір сайыскерлер көрсетіп жатқан құжаттар QR кодтарына сай болмай шықты. Қазақстандық Триатлон...

24.07.2021

17 шілдеде Қостанайда Elite және U23 санатындағы спортшылар арасында триатлоннан Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты мәресіне жетті. Бірінішілікте Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақмола және Қостанай облыстарынан келген 19 спортшы сынға түсті. Сайыскерлер 1500 м жүзу, 40 км велодода мен 10 км жүзуден тұратын олимпиадалық дистанцияда мықтыны анықтады....

17.07.2021

Бүгін біз Нұр-Сұлтанда болатын Азия чемпионатының басталуына күн санақты бастап, іс-шараның ресми интернет парақшасын жариялаймыз. Осы маусымның бас додасына елу күннен аз уақыт қалды. Сайыстың кестесі мен маршрут сызбаларын на www.asia-champ.triathlon.org.kz сайтынан таба аласыздар. Еске сала кетейік, 2021 жылдың 3-5 қыркүйегінде Орта Азияда алғаш...

16.07.2021

Спортшылардың назарына! Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 10.07.2021 жылғы №23- Қ «Қарағанды облысындағы шектеу карантиндік шаралары туралы» Қаулысына сай Қарағанды облысы Саран қаласында 7-8тамызға жоспарланған келесі сайыстар болмайды: Elite санатындағы спортшылар арасында стандартты қашықтықтағы триатлоннан ҚР Кубогының II...

16.07.2021

ПАВЛОДАРДА ӨТКЕЛІ ОТЫРҒАН САЙЫС ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің2021 жылғы04 шілдедегі«Павлодар облысының аумағында шектеу карантиндік шаралары туралы» № 15 Қаулысының 1 тармағының 7 тармақшасына сәйкес аймақта спорттық іс-шараларды (турнирлер, жарыстар және т.б.) өткізуге тыйым салынды. Осыған байланысты 2021 жылғы сайыс күнтізбесіне өзгерістер енгізілді: ...

15.07.2021
Reitiñ köşbasşylary
Saıystar kúntizbesi